қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
12.04.2023

Мектепке дейінгі ұйымдағы ұйымдастырылған ойын іс-әрекеті

 

2022 жылғы 11 сәуірде Педагогика және психология институты мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының «6В012-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім бағдарламасының 4 курс студенттері Алматы қаласы Медеу ауданындағы №96 балабақшада ашық ұйымдастырылған іс-әрекет өткізді. Ашық ұйымдастырылған іс-әрекет «Алматы қаласының мәдени нысандарымен танысу процесінде ересек жастағы балалардың өзін-өзі жүзеге асыру негіздерін дамыту» атты әлеуметтік-мәдени жоба аясында өтті.

 

Мақсаты - аталмыш жобаның тақырыбына байланысты ұлттық құндылықтарды дәріптеу, балалардың танымдық белсенділігін арттыру, ой-өрісін, дүниетанымын, сөздік қорын кеңейту, қоршаған орта туралы түсініктерін жетілдіру, талпыныстарын, ынталарын арттыру.

 

Ашық ұйымдастырылған іс-шараға университеттің «Мансап» орталығының директоры Сауле Калибекова, №96 балабақша меңгерушісі Наталья Карасева, мектепке дейінгі білім беру мен әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі Ұлбосын Қыяқбаева, кафедраның аға оқытушылары Гулбану Абитова, Разия Каримова, және практика жетекшісі доцент Галия Таубаева қатысты.

 

Аталмыш білім бағдарламасының 4 курс студенттері кіші топ балаларымен «Үй жануарлар. Қой» (Камал Жансая), ортаңғы топта «Алматы зообағына саяхат» (Баян Назым), ересек тобында «Ұлттық аспаптар мұражайына экскурсия» (Әмір Жұлдызай, Жәдігерова Аққу) тақырыптарында ашық ұйымдастырылған іс-әрекетті ойын ретінде өткізді. Ұйымдастырылған іс-әрекет барысында болашақ мектепке дейінгі ұйым мамандарының жауапкершілік, іздемпаздық, балаларды жақсы көру, өз мамандықтарын сүюге деген құштарлықтары оянды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=