Главная
Новости
03.05.2012 Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі - әлемде теңдесі жоқ тәрбие. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Жоғары оқу орындарында Ұлттық тәрбие беру мәселелері» атты дискуссиялық клуб өткізілді. Оған университет ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Серік Жайлауұлы Пірәлиев, Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры Амангелді Айталы және еліміздің барлық университетінің белгілі ғалымдары қатысты. Жалпы «ұлттық» деген сөздің астарында елге-жерге, тілімізге, дінімізге деген құрмет жатыр. Ал осы ұлттық тәрбиені бала бойына сіңіруде университетте білім алып жатқан жастарымыз үшін атқарылатын жұмыстың орны ерекше. Яғни тәрбие алуды сәби ана құрсағынан бастаса, оны білім ошақтарында ұлттық құндылықтарымызбен жетілдіру өте маңызды. Біз ұлттық тәрбие пәнін, кафедрасын университетімізге енгізу арқылы жастардың ұлтжанды, парасатты болатынына сенеміз. Ұлттық тәрбие маңызды мәселелердің бірі, бұл туралы университетімізде арнайы кафедра ашылып, арнайы пән енгізілді. Бұл тек біздің оқу орнымызда ғана алғаш рет қолға алынып, маңызды мәселеге айналды. Жиында жалпы жоғары оқу орындарындағы ұлттық тәрбие берудің әлеуметтік-педагогикалық мәселелері талқыланды.
|