қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
24.04.2023

«Өзін-өзі бағалауды арттыруға» психологиялық тренингі

 

2023 жылғы 20 сәуірде «Психологиялық қызмет» секторы психологтарының ұйымдастыруымен Математика, физика және информатика институтында «Өзін-өзі бағалауды арттыруға» арналған психологиялық тренинг өткізілді.

 

Тренингтің негізгі мақсаты - студенттердің өзін-өзі бағалауын арттыру, өзін-өзі тануға көмектесу және барлық жағдайда өзін қабылдауды қалыптастыру.

 

Тренинг топта жағымды атмосфера қалыптастыру үшін «Көңіл-күй» танысу жаттығуымен басталды. Негізгі бөлімде «Міне, мен осындаймын... », «Мен өзімді кез-келген күйімде жақсы көремін, тіпті...» және «Мен жарқыраймын!» жаттығулары арқылы бақылауды дамытуға және өздерінің кемшіліктерін оң қабылдауға бағытталды. Қатысушылардан кері байланыс алу мақсатында «Эмоционалды пейзаж» жаттығуы жүргізіліп, студенттер бір-бірімен жағымды әсермен алмасты, сондай-ақ тренинг нәтижесінде студенттердің өзін-өзі бағалауының артқанына куә болдық.

 

  alt=  

 

«Психологиялық қызмет» секторы