Главная
Новости
24.04.2023 «Жастар - жаңа қазақстан дамуының қозғаушы күші» тақырыбындағы қонақтық дәріс
2023 жылғы 21 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 95 жылдығы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының ұйымдастыруымен «Жастар - Жаңа Қазақстан дамуының қозғаушы күші» тақырыбында дәстүрлі қонақтық дәріс өткізілді. Қонақтық дәрісті Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Г. Шахарман ашты.
Шақырылған қонақтар - ҚХА мүшесі, Қазақстан ұйғыр жастары Одағының төрағасы Р. Кайрыев, Алматы қаласындағы «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдігі төрағасының орынбасары О.Мохаммедсаруар, Сорбонна - Қазақстан институтының экономикалық мамандықтар кафедрасының аға оқытушысы, э.ғ.к. С.Изеев. Қонақтар «Бәсекеге қабілеттілік тенденциялары: Жаңа Қазақстандағы жастардың рөлі», «Жаңа Қазақстан және жастар», «Жаһандану жағдайындағы макроэкономикалық саясат» туралы ақпараттарды студенттерге жан-жақты түсіндіріп, оларды жүзеге асыру бойынша өз пікірлерімен бөлісті. Проректор Шыңғыс Нұрланов қорытынды сөз сөйледі. Дәріске Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының оқытушылары Г. Джайнакбаева, Б.Оспанова және университеттің педагогика және психология, тарих және құқық, жаратылыстану және география, өнер, мәдениет және спорт институттарының бірінші курс студенттері қатысты.
|