Главная
Новости
28.04.2023 Студенттердің белсенді жұмыстары
2023 жылдың 24-27 сәуір аралығында Абай атындағы КазҰПУ-дың Жаратылыстану және география институты география және экология кафедрасының оқытушылары Бекен Ақбота, Серік Мадина және Суранчиева Ел-Дана қолдауымен «6В011103 - Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» мамандығынын 3 курс студенттері өздерінің жеке жұмыстарының нәтижесімен таныстырды.
Жеке жұмыс бойынша студенттер 3 топқа бөлініп, мамандықтарына қатысты компанияны зеріттеп, сол бойынша анализ жасап, сонын нәжтижесі ретінде бірінші топ «Bacchus» компаниясына экскурсия өткізді. Экскурсия барысында өндіріс жайлы ақпараттар алып, өнімнің қалай өндіріліп және сақталатынымен танысты. Екінші топ өз жұмыстарын «Vanilla» кофеханасында шеберлік сабығын ұйымдастырумен қорытындылады. Шеберлік сабақты тәжірибесі жоғары бариста өткізді. Іс-шара барысында студенттер кофе дайындаудың қыр сырын және кофенің қандай түрлері барын, олардың дәмінің ерекшелігін, сонымен қатар оларды қалай дайындау керек екенін білді. Үшінші топ өз жұмыстарында «NOVOTEL» қонақ үйіне экскурсия жүргізді. Экскурсия барысында студенттер қонақ үйдің қызметімен, тарихымен танысып, қонақ үйдің ішкі қызметтері мен ережелері туралы ақпарат алды. Стандарт, люкс және президенттік бөлмелерді, мәжіліс залдарын, SPA орталықты аралап көріп шықты. Экскурсия барысында студеттер өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, белсенді болды.
|