Главная /
СМИ о нас
15.05.2023 Дуальды білім беру жүйесі бойынша сертификатталған тренинг өтіп жатыр
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Erasmus+ бағдарламасының «KazDual - Қазақстанда дуальды жүйені енгізу» жобасы аясында 12-22 мамыр күндері дуальды білім берудің білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, колледждердің, серіктес мектептер тәлімгерлерінің, серіктес ұйымдардың профессор-оқытушылар құрамы үшін «Педагог кадрларды кәсіби даярлаудағы дуальды оқыту», «Дуальды бағдарламаларды жобалау және әзірлеу», «Стейкхолдерлермен өзара әрекеттесу», «Инновациялық білім беру технологиялары» тақырыптары бойынша біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылды.
Зерттеу қызметі жөніндегі проректор Ермек Бөрібаев тренинг тыңдаушыларын KazDual жобасының спикерлерімен, тренинг бағдарламасымен таныстырды.
KazDual жобасының ұлттық және институционалдық үйлестірушісі, университет постдокторанты Баян Сапаргалиева жобаға қатысу тәжірибесі, жобаның барысы мен іске асырылуы туралы айтып берді.
Іс-шараның бірінші күні «Дуальды оқытудың нормативтік-құқықтық негіздері» таныстырылды, Сапарғалиева Б.О. «Дуальды оқытуды енгізудің үздік әлемдік тәжірибесі», «Қазақстандағы дуальді білім беруге жалпы шолу» тақырыптары бойынша баяндамасын ұсынып, Педагогика және психология институтының директоры Абаева Г.А. Қазақстандағы дуальды білім берудің құқықтық негіздеріне шолу жасады. Тыңдаушыларға тренингтің интерактивті бөлігінде пайдалануға болатын KazDual обсерваториясы таныстырылды.
Тренинг аяқталғаннан кейін толық курсты тыңдаған және тапсырмаларды орындаған тыңдаушыларға 72 сағат көлемінде халықаралық үлгідегі сертификаттар табыс етіледі.
15.05.2023 ж. Ақпарат көзі: qazaq1913.com |