Главная /
СМИ о нас
22.05.2023 «Балаларға қатысты буллингтің алдын алу» тренингі
BR18574152 «Балаларға қатысты буллингтің алдын алу шараларын әзірлеу және оның өзекті аспектілерін зерттеу» ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің мақсатты-қаржыландыру бағдарламасы аясында 2023 жылдың 18-19 мамырында «Балаларға қатысты буллингтің алдын алу» тақырыбында тренинг өтті. Тренингке Алматы қаласында орналасқан №168 мектеп-гимназиясы және №173 мектеп-лицейден 8-9 сыныпта оқитын 52 оқушы қатысты.
Тренерлер: Алимбекова Анар Аймолдановна - қауымдастырылған профессор, философия докторы (PhD). Абай атындағы ҚазҰПУ, Педагогика және психология институты, Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы; Жукенова Гулпара Балтабаевна - доценті, п.ғ.к. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Әлеуметтік ғылымдар факультеті.
Трениннг мақсаты - толерантты мінез-құлық нормалары негізінде оқушылардың тұлғааралық қарым-қатынасын қалыптастыру және психоэмоционалды климатын нығайтуға ықпал ету. Буллинг жағдайларын тануға және оған қарсы тұруға үйрету.
Тренинг міндеттері - буллинг пен кибербуллингтің себептері мен формалары туралы көзқарасын қалыптастыру; қатысушылармен бақылаушы позициясынан буллингтің жағдайына жауап беру тәсілдерін талдау; қарым-қатынаста тұлғаның әлеуметтік-ізгілік мотивтерін қалыптастыру; кикілжіңдерге сындарлы әрекет етуге дағдыландыру; мақсат қоюға және оған жетуге дағдыландыру; өмірлік перспективаларын құру және ұмтылу.
|