қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
25.05.2023

Пилоттық дуальды бағдарламаны халықаралық аккредиттеу

 

Абай университеті Erasmus+ бағдарламасының KazDual - «Қазақстанда дуальды жүйені енгізу» жобасы аясында (жоба нөмірі: 618835-EPP-1-2020-1-KZ-EPPKA2-CBHE-SP, жүзеге асыру мерзімі: 15.01.2021 -14.01.2024) 2022-2023 оқу жылында «6В01303 - Бастауыш білім беру ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен» ББ дуальды білім беру моделін енгізудің пилоттық жобасын іске қосты. Пилоттық бағдарламаның серіктесі NGS Жаңа буын мектебі (New Generation School) болды.

 

Аккредиттеудің сыртқы сарапшылары - ACQUIN халықаралық агенттігі (аккредиттеу, сертификаттау және сапаны қамтамасыз ету институты - Германия) дуальды бағдарламаның ESG критерийлері мен стандарттарына сәйкес ЖОО мен серіктес-мектеп жұмысының сәйкестігіне тексеру жүргізді.

 

Өзіндік есепті талдау негізінде бағдарламаға жауапты тұлғалармен (бағдарлама жетекшісі, бағдарлама үйлестірушілері), Педагогика және психология институты бастауыш білім беру кафедрасымен, оқытушылармен, профессорлармен және тәлімгерлермен және серіктес мектеп әкімшілігімен, студенттермен талқылау жүргізілді. Сарапшылар бағдарламаның даму перспективалары, дуальды оқыту бағдарламасының айрықша ерекшеліктері, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы сұрақтар қойды. Оқу үдерісін ғылыми-әдістемелік сүйемелдеуге, дуальды бағдарлама студенттерін практикалық оқытуды ұйымдастыруға, сондай-ақ дуальды білім беру жүйесінде оқытушыларды, мектеп тәлімгерлерін және студенттерді ынталандыруға ерекше назар аударылды.

 

Студенттермен сараптамалық топтың бағдарламасын талқылау барысында дуальды студентті қолдау, кәсіби өсу үшін жағдай жасау, кәсіпті таңдау ынталары, кері байланыс түрлері және дуальды бағдарламаның артықшылықтары талқыланды. Студенттер серіктес мектептің қолдауы туралы айтты. Талқылауға пилоттық топтың студенттері де, дуальды емес оқытудың ұқсас мамандығының студенттері де қатысты. Студенттер жеке траекторияны таңдау шараларын түсіндіріп, бағдарламаның практикалық және теориялық оқыту ерекшеліктерін сипаттады.

 

  alt=  

 

  alt=