Главная
Новости
21.06.2023 Кембридж университетімен ынтымақтастық негізінде ғылыми білімді жаңарту
2023 жылдың 20 маусымында АР14872311 АР 14872311 «Action Research сынды зерттеудің бейформалды нысандарын тәжірибеге интеграциялау негізінде ЖОО оқытушыларының зерттеу белсенділігін дамытудың теориясы мен технологиясы» тақырыбындағы іргелі жобасының зерттеу тобы Кембридж университетінің профессоры Элейн Уилсонның оқыту семинарын сәтті аяқтады.
Семинар барысында Элейн Уилсон ұйымдастырған күнделікті интерактивті жұмыс, пікірталас сессиялары, кейс-стади жұмыстары зерттеу тобына Action Research тұжырымдамасының мазмұнына тереңірек үңілуге, ғылыми мақаланы құрылымдау мен жобалаудың әртүрлі нұсқаларымен, Web of Science базасының жоғары дәйексөзді журналдарында мақалалар жариялау үшін эксперименттік деректерді өңдеу әдістерімен танысуға мүмкіндік берді.
Зерттеу тобының біліктілігін арттыру семинарға қатысу сертификаттарын салтанатты түрде тапсырумен аяқталды.
Кембридж университетінің гомертон колледжі мен Абай атындағы ҚазҰПУ-дың одан әрі ынтымақтастығы үшін жоғары білім берудегі Action Research ұйымының перспективалық басымдықтары, үздік әлемдік тәжірибелер негізінде болашақ педагогтердің кәсіби даярлығын жетілдіру белгіленді.
|