қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
06.07.2023

Білім және ғылым саласындағы маңызды қадам

 


 

Қазақстан мен Қытай университеттері білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда. 2023 жылғы 5 шілдеде Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Дархан Біләлов Сиань Цзяо Тун университетінің делегациясымен кездесті.

 

Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың түрлі аспектілерін, соның ішінде студенттер мен оқытушылармен алмасу, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу және академиялық бағдарламаларды дамыту мәселелерін талқылады.

 

Постдокторантура саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ерекше назар аударылды. Достық атмосферада және нәтижелі өткен бұл маңызды іс-шарада жоғары оқу орындарының білім беру және ғылым саласындағы ынтымақтастықты нығайтып, екі ел арасындағы байланысты дамытуға ықпалын тигізетінін атап өтті.


Кездесу соңында университеттер арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Бұл кездесу Қазақстан мен Қытай арасындағы білім және ғылым саласындағы байланыстарды нығайту жолындағы маңызды қадам болып табылады.


Мұндай ынтымақтастық екі жоғары оқу орнының студенттеріне, оқытушыларына және ғылыми қызметкерлеріне үлкен мүмкіндіктерге жол ашып, екі мемлекет арасындағы білім мен мәдениеттің дамуына ықпал етеді.

 

 

06.07.2023 ж.

Ақпарат көзі: almaty-akshamy.kz