қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
21.09.2023

Менің мамандығым - менің болашағым

 

2023 жылғы 20 қыркүйек күні Тарих және құқық институты «Әлем тарихы» кафедрасының ұйымдастыруымен «Менің мамандығым - менің болашағым» тақырыбында конференция өтті. Конференция 4-ші курс студенттерінің өндірістік практика маусымының ашылу салтанатына орай ұйымдастырылды.

 

Іс-шараға институт директоры Ғ.К. Кенжебаев және директордың тәрбие және әлеуметтік ісі жөніндегі орынбасары Н.Т.Манапов, профессор-оқытушылар Ж. Нұрманбетқызы, М.К. Тулекова, Д.Б.Асымова, Р.Сейтқазиев, М.Сарыбаев, Е.Нұрмұхан қатысты.

 

Өндірістік практика Алматы қаласының №3 ЖББМ, №12 гимназия, №102 ЖББМ, №108 ЖББМ, №123 гимназия, №143 ЖББМ, №172 ЖББМ, №178 лицей, №201 гимназия білім беру мекемелерінде жүргізіледі. Конференция барысында практика жұмысының тәртіп қағидалары мен мақсат міндеттері таныстырылды.

 

  alt=