қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
23.09.2023

Инновациялық оқу бағдарламасын әзірлеу талқыланды

 


 

Еліміз бен француз ғалымдары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жанындағы Сорбонна-Қазақстан институтында ғылым мен білім саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.

 

Іс-шараға қатысушылар білім көкжиегін кеңейтіп, инновациялық оқыту бағдарламаларын жасау жайын ақылдасты. Ол университет қабырғасында жаңа формациядағы ұстаздарды дайындау үшін қажет. Қазір елімізде «Жайлы мектеп» жобасы жүзеге асып жатыр. 2026 жылға дейін 800 мыңға жуық оқушы орны пайдалануға беріледі. Жаңа мектептерде 48 мыңнан астам мұғалім шәкірт тәрбиелейтін болады.

 

Болат Тілеп, Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры:

 

- Ең үлкен мәселе -біз қазіргі таңда инновациялық оқу бағдарламалары туралы айтып жатырмыз. Яғни біз қазіргі педагогикалық бағыттағы көптеген оқу бағдарламаларын жаңалап жатырмыз. Бірақ инновациялық оқу бағдарламаларын нолден бастап жасау. Осы тарапта бізге француз әріптестеріміздің тәжірибесі өте маңызды.

 

Фабрис Невё, Францияның Алматыдағы бас консулы:

 

- Бұл біздің әріптестігіміздің жаңа кезеңі. Француз университеттерінің бірқатар оқытушылары Сорбонна-Қазақстан және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен бұрыннан байланыс орнатқан. Біз француз университеттерінің тәжірибесімен бөлісуге дайынбыз.

 

 

22.09.2023ж.
Ақпарат көзі: 24.kz