қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
27.09.2023

«Аяла» экоклубы кезекті таза ойынға қатысты

 

2023 жылдың 24 қыркүйегінде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Аяла» экоклубының студенттік мүшелері (жетекшілері Н.Жұмағали мен А.Алтынбекова) Еуразиялық клуб аясында ұйымдастырылған кезекті тазалық ойынына қатысты. Бұл жолы іс-шара Қонаевтағы қалалық жағажай аумағында орын алды.

 

Осы экологиялық науқанда студенттердің бірлескен күшімен 1,5 сағатта 644 кг әртүрлі тұрмыстық қалдықтар жиналды! Бұл - табиғатқа жаны құмар және әлемді жақсы жаққа өзгертуге зор ынталы барлық қатысушылардың (100-ден астам) ортақ жеңісі болды. Жалпы қалалық масштабта аз адам қатысқан сияқты көрінуі мүмкін, бірақ бұл санның өзі 100-ден астам адам ойынға өз еркімен және ынтасымен қатысу арқылы көп нәрсені жасай алатынын көрсетеді! Олар, сөзсіз, экологиялық сананы қалыптастырудың жоғары деңгейіне ие бола отырып, олармен бірге бірнеше ондаған, жүздеген жастарды тарта алады және сол арқылы қалаларымыздың экологиясын жақсарта алады.

 

  alt=