Главная /
СМИ о нас
27.09.2023 Абай университетінің ғалымдары генетика бойынша электронды оқу құралын әзірледі
«Биология» білім беру бағдарламалары бойынша оқу-әдістемелік жабдықтармен қамтамасыз етуді жетілдіру және цифрлық ортада студенттердің білімін арттыру мақсатында Жаратылыстану және география институтының жас ғалымдары мен профессор-оқытушылар құрамы биология ғылымдарының докторы Докторхан Айдарбаеваның жетекшілігімен «Генетика» электронды оқу құралын әзірледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Электрондық оқу құралы мазмұнына кіріспе, дәріс тезистері, зертханалық жаттығулар, студенттердің өз бетімен орындайтын тапсырмалары, тест тапсырмалары, генетикадан әртүрлі тақырыптағы оқу фильмдері енгізілген.
Оқу құралының көмегімен студенттер қазіргі генетиканың әртүрлі тақырыптары бойынша білім алады.
27.09.2023 ж. Ақпарат көзі: almaty-akshamy.kz
|