қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
04.10.2023

Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз - ұлы есім» мерекелік іс-шарасы

 

2023 жылдың 3 қазанында Абай университеті келе жатқан 5 қазан - Ұстаздар күнін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық аспаптар оркестрі залында «Ұстаз - ұлы есім» тамаша мерекелік концертімен атап өтті.

 

Іс-шараның мақсаты - педагог мамандығының қоғамдағы мәртебесі мен беделін арттыру және ұстаздарға құрмет көрсету дәстүрін, әсіресе, жастар арасында кеңінен насихаттау. Мерекелік іс-шара сонымен қатар университет пен мектептер арасындағы сабақтастықты дамытуға ықпал етті.

 

Салтанатты іс-шараны Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілеп ашып, барша педагог қауымын келе жатқан Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтады.

 

«Ұстаздардың ұлағатын ұлықтап, өлшеусіз еңбегіне құрмет көрсету біздің азаматтық парызымыз. Оқу орнымыздың басты міндеті оқытушылар мен білім алушылар үшін қолайлы ортаны қалыптастыруға, оқытудың заманауи технологияларымен қамтамасыз етуге және білім беру сапасын арттыруға бағытталған. Бұл стратегиялық басымдық Абай университетінің қызметіндегі басты міндет болып табылады. Студенттер мен оқытушыларға жағдай жасау үшін материалдық-техникалық база мен инфрақұрылымды жақсартуға, сондай-ақ педагогикалық кадрлардың кәсіби өсуіне қолдау көрсетуге тырысамыз. Бүкіл ұжымның үйлесімді жұмысының арқасында біз бұл міндетті сәтті орындайтынымызға сенімдімін», - деді ректор Болат Тілеп.

 

Іс-шара барысында еліміздегі білім беру саласының дамуына үлес қосқан университеттің 68 оқытушысы және Алматы қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің 15 мұғалімі Алғыс хаттармен және медальдармен марапатталды.

 

Мерекелік концертте университет түлегі, қазақ эстрадасының жарқын жұлдызы Гүлмира Ақүрпекова, сондай-ақ Өнер, мәдениет және спорт институтының оқытушылары мен дарынды студенттері өнер көрсетті. Іс-шараға қатысушылар ұстаздар қауымына көрсетілген құрметке алғыстарын білдірді.

 

«Ұстаз - ұлы есім» концерті қоғамдағы ұстаз мамандығының маңыздылығын және олардың білім мен еліміздің дамуына қосқан үлесін, сондай-ақ Абай университетінің Қазақстанның болашақ ұрпақтары алдындағы жауапкершілігін атап өткен айтулы іс-шара болды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

Қоғаммен байланыс департаменті