қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
06.10.2023

Педагогика және психология кафедрасының магистранттары оқудан тыс іс-шара өткізді

 

2023 жылдың 5 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ Дүниежүзілік мұғалімдер күніне арналған «Ұстаздың жаңған жүрегі» құттықтаулар сырттай конкурсын өтті.

 

Іс-шараны педагогика және психология кафедрасы (аға оқытушы Исалиева Сауле) мен Алматы қаласы Білім басқармасының Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы (бөлім басшысы Акмагамбетова Роза) ұйымдастырды. Модераторлар - Смаилова Алуа және Ыбрай Алтынай, «7М01101 - Педагогика және психология: Педагогикалық өлшемдер» мамандығының 2 курс магистранттары.

 

Конкурсқа Алматы, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Тараз, Өскемен қалаларының колледждері мен жоғары оқу орындарының студенттері және мектеп оқушылары қатысты. Қазылар алқасына мұғалімдер мен оқытушылар - «Bilim zhane Bolashak» халықаралық ғылыми - білім беру жобасының мүшелері қатысты.

 

Конкурсты ұйымдастыру комитетіне 250-ден астам өтінім түсіп, қатысушылар құттықтауларды суреттер, әлеуметтік желілердегі бейнелер мен жазбалар түрінде ұсынды. Көптеген туындылар шығармашылық көзқарасымен, орындалуымен және қызықты мазмұнымен ерекшеленді.


Нәтижесінде түрлі номинациялар бойынша қатысушылар бірінші-үшінші дәрежелі дипломдар мен арнайы сертификаттармен марапатталды. Конкурс материалдары негізінде Дүниежүзілік ұстаздар күнін мерекелеудің тамаша дәстүрінің бастауы болатын үздік шығармалармен жинақ шығару жоспарлануда.

 

  alt=  

 

  alt=