қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
10.10.2023

Жартасқа өрмелеу практикалық сабағы

 

2023 жылғы 9 қазанда Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Жаратылыстану және география институты география және экология кафедрасының оқытушылары Омаров Қ.М., Бекен А.Н. және Саванчиева А.С. ұйымдастыруымен «6В11101 - Туризм», «6B11103- Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» білім беру бағдарламасы студенттерін Қазақ спорт және туризм академиясына тәжірибе алмасу мақсатында «Туризмнің экстремалды түрлері» пәні негізінде жартасқа өрмелеу практикалық сабағы өткізілді. Практикалық сабақ барысында студенттер арнайы мамандандырылған инструктордың нұсқаулығымен тауға өрмелеу техника тактикасымен танысып, әртүрлі жаттығу жұмыстарын жасап, қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып жартасқа өрмелеу техникасын меңгерді. Студенттер практикалық сабақтан нағыз экстремалды туризмнің қандай екенін сезініп, жаңа эмоциялар алды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=