қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
13.10.2023

«Жеке тұлғалық даму» тренингі өткізілді


2023 жылдың 12 қазанында Abai Student Center орталығында «Психологиялық қызмет» секторының психологтарының ұйымдастыруымен «Жеке тұлғалық даму» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Тренингке университеттің «Өрлеу» жастар одағының студенттері қатысты.


Тренингтің мақсаты - тұлғалық даму тұжырымдамасын және оның мағынасын түсіну, жеке даму контекстінде өз мақсаттары мен амбицияларын білу. Тұлға ретінде даму стратегияларын игеру, жастардың бойында көшбасшылық қасиеттерді, алға қойған мақсаттарды жоспарлау және оған қол жеткізу.

 

Тренинг топта жағымды атмосфера қалыптастыру мақсатында «Жаңғырық» танысу жаттығуымен басталып, негізгі бөлімде көшбасшылық қабілеттерін дамытуға және мақсаттарын нақты анықтауға бағытталған «Үш жыл» (Дж.Рейнуотер) және «Табысты адамның келбеті» жаттығуы жүргізілді. Тренингке студенттер өте белсенді қатысып, ойлап жүрген сұрақтарының жауабын алды. Қатысушылардан кері байланыс алу үшін «Шам» жаттығуы жүргізіліп, студенттердің жағымды әсер алып, өздерінің бойындағы көшбасшылық қабілеттері мен тұлғалық дарындарын анықтай алғандығына куә болдық.

 

Сонымен қатар, тренинг соңында студенттерге психикалық жай-күйін қалыпты деңгейде ұстауға көмегін тигізетін арнайы ұсыныстары бар флаерлер мен визитка таратылды.

 

  alt=  

 

«Психологиялық қызмет» орталығы