қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
21.06.2017


АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰПУ - ДІҢ  ШЕТЕЛ СТУДЕНТТЕРІ  «ЭКСПО-2017» КӨРМЕСІНДЕ


        Шетелдік азаматтарға арналған және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті (Foundation), Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар және ЖОО дейінгі дайындық кафедрасының  1-4 курс студентері: Джан Чи, Ван Ченгуань, У Шэнчуань, Чжан Сяоюн, Сю Сяочан, Джу Ингинг, сондай-ақ   осы аталмыш кафедраға академиялық алмасу бағдарламасы бойынша келген  Санья университетінің (Қытай, Санья)  студенттері:  Ли Дань, Чэнь Дун Ни, Хао Юе, Ван Вэнь   2017 жылдың  14 - 17 маусым аралығында кафедраның профессоры Б.С. Балгазинаның  сүйемелдеуімен  еліміздің  бас қаласы  Астанаға  барып қайтты.  

         Осы   екі күнде  студенттер  «ЭКСПО-2017»  халықаралық көрмесінде  болды. Іс-шара туралы олардың пікірлері куанышқа толы болды ! Олар  керемет әсер,  шаттыққа толы көңіл-күй  және сергектік куат  алды!

          Студенттер әр түрлі елдер мен   халыкаралық  корпорациялардың павильондарымен, экологиялық таза технологиялар мен жаңартылатын энергетика саласындағы ірі  жаңартпалармен  танысты.  Халықаралық павильондардың әр қайсысы  түрлі-түсті жеке планета тәріздес болды:  қайталанбас безендіру,  қиял-ғажайып  жобалау.  Студенттер,  жаһандық жасыл энергетика  проблематикасына  бағытталған  қазақстандық жобаны   өз көздерімен   көргендеріне шынайы бақытты екендерін білдірді.

        Сонымен қатар  Астанада шетел  студенттері Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайына экскурсияға барып,  Қытай терракот  әскерінің көрмесімен танысты;  сондай-ақ Бәйтерек, Хан Шатыры, Нұрлыжол (Жасыл желекжолы) желекжолы және т.б.  сияқты Астананың  көрнекті  жерлерін көрді.

        Әсіресе  студенттерге  «Астана Опера» театры қайталанбас әсер қалдырды, олар  «Манон» балетін   тамашалады.

        Атылмыш  саяхат,  яғни «EXPO-2017»  халықаралық көрмесіне барып қайту  және Қазақстанның Астанасын көру университетіміздің оқу-ісі жөніндегі проректоры  А.Т. Құлсариеваның  бастамасымен  жүзеге асты.  Шетел студенттері  университет басшылығына, әсіресе А.Т. Құлсариеваға шын жүректен ағыстарын білдіруде.