Главная
Новости
24.10.2023 Ғылым, цифрлық технологиялар және инновациялар саласындағы ынтымақтастық
2023 жылдың 20 қазанында үздіксіз білім беру жүйесінде білім алушылар мен педагогтардың цифрлық құзыреттіліктерін қалыптастыру үшін цифрлық білім беруде өтпелі технологияларды қолданудың өзекті мәселелері мен перспективаларын талқылауға арналған Бүкілресейлік «CROSS.EDU. Цифрлық білім берудегі өтпелі технологиялар» форумы (гибридті формат) өтті. Форумды М.К.Аммосов атындағы Солтүстік-Шығыс федералды университеті (Якутия) ұйымдастырды.
Ғылыми форумның міндеті - ғылым, цифрлық технологиялар және инновациялар саласындағы ынтымақтастықты дамыту мен нығайтуды қамтамасыз ету .
Форум Ресей, Қазақстан және Өзбекстанның ғалымдарын, оқытушыларын, магистранттары мен студенттерін біріктірді.
«Білім беру жүйесін цифрлық трансформациялаудың қазіргі жағдайындағы білім беруді ізгілендіру және гуманитаризация мәселелері» секциясының отырысында «Білім беруді ізгілендіру: Абай атындағы ҚазҰПУ «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының жұмыс тәжірибесі» тақырыбында Абай атындағы ҚазҰПУ «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі, профессор Сәуле Әбішева баяндама жасады.Секцияның ұйымдастырушылары мен тыңдаушылары кафедра қызметкерлерінің баяндамасын және бірегей практикалық жұмыстарын жоғары бағалады.
Кафедра оқытушысы Марина Асылбекова Абай атындағы ҚазҰПУ «Орыс тілі және әдебиеті» кафедрасының доценті Рысжан Бекишева авторларының бірі болып табылатын орыс тілінде оқытпайтын мектептердің 2-сыныбына арналған «Орыс тілі» жаңа оқулығы туралы айтып берді. М.Асылбекованың «Алматыкітап баспасының «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердің 2-сыныбына арналған «Орыс тілі» оқулығының тұжырымдамасында оқушылардың мәдени қорын байыту мәселесі» атты баяндамасы 1 орынды иеленді.
|