қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
24.10.2023

Республика күніне арналған викторина


Республика күнін мерекелеу аясында 2023 жылдың 23 қазанында Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазақ жері - менің алтын бесігім» тақырыбында институтаралық танымдық викторина өтті. 4 кезеңнен тұратын викторинаға 1,2,3 курс студенттері қатысты. Бірінші кезең күрделілік деңгейі бойынша тарих, салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптардың тақырыптарға арналған сұрақтардан тұрды. Екінші кезеңде студенттер таңдалған тақырыптық бейнелер бойынша кемінде 7 дерек беруге тиіс болды. Үшінші кезең 2 бөлімнен тұрды, командаларға символдармен шифрланған мақал-мәтелдерді тауып, сондай-ақ 4 сурет бойынша 1 ортақ сөз табу керек болды. Қорытынды кезеңде командаларға Алматы филиалының «Жастар Рухы» Жастар қанаты» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Кеңесов Әкежан, Пірәлі Райымбек жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы жағдаяттық сұрақтарды қойып, қазылар алқасының мүшелері жауаптардың мазмұнына баға берді. Барлық кезеңдердің нәтижелері бойынша 1-орынды Филология институты - Fil Smart, 2-орынды Тарих және құқық институты - Time Travels, 3-орынды Математика, физика және информатика институты - Mathbol командылары алды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=