Главная /
СМИ о нас
24.10.2023 Көлік министрлігі логистиканы дамытады - Құсайынов
Президентіміздің осы жылғы жолдауы Жаңа Қазақстанды әлем кеңістігінде нық басуға, халқымыздың ынтымағын нығайтып, олардың мұң-мұқтаждығын тыңдап қана қоймай, сол қажеттіліктерді шешуге айқын іс-әрекеттер көрсетілген Жолдау деп айтуға болады.
Осы өзгерістердің барлығы мемлекетіміздің материалдық базасын нығайтып, әлеуметтік бағдарламаларға, ғылым мен білімге қаржы бөлуге мүмкіндіктерді күшейтетіні анық. Соның дәлелі ретінде, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ең алдымен адами капиталды арттыруға бағытталған жұмысқа есеп берді. Мұғалімдердің айлығы соңғы 3 жылда 2 есе артуы; дәрігерлер жалақысының нағыз орта тап табысына жетуі; «Ұлттық қор - балаларға» жобасы - өзінің президенттік бағдарламасындағы берген уәделерін жүзеге асырудың алғашқы баспалдақтары деп санаймыз.
Осы Жолдауда көрсетілген мәселелердің негізі адам ресурстары арқылы шешілетіні айдан анық. Еліміздің ұстаздарының тамыз конференциясына жолдаған Президент телеграммасында «Бәсекеге қабілетті мемлекет - білімді ұрпақтың қолында», - делінген. Ал енді бұл ұстаздар қауымына, әсіресе, ұстаздарды дайындайтын біздің Абай университеті ұжымына бағытталған тапсырма деп түсінеміз.
Авторы: Дәуренбек ҚҰСАЙЫНОВ, Абай атындағы ҚазҰПУ Саясаттану, әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының профессоры 24.10.2023 ж. Ақпарат көзі: aikyn.kz |