қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
27.10.2023

Президенттік шәкіртақы иегерлерінің саны артты

 

Абай университеті биылғы оқу жылында Президенттік шәкіртақы иегерлерінің саны артқанын мақтанышпен хабарлайды. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің шешіміне сәйкес күзгі семестрде оқуда және ғылыми қызметте ерекше жетістіктерге жеткен 87 студентке Президенттік шәкіртақы тағайындалды. Көктемгі семестрде шәкіртақы иегерлерінің саны 94-ке дейін өсті. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылғы нәтижеден айтарлықтай асып түсті. Өткен жылы 57 шәкіртақы иегері болған.

 

Бұл Абай университеті студенттерінің білім берудегі жоғары жетістіктерге деген ұмтылысының айқын дәлелі болып табылады. Университет өз студенттерін адал еңбегі мен үздіксіз ізденістері үшін мақтан тұтады. Абай университеті ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне еліміздегі білім саласын дамытып, студенттерімізге қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіреді.

 

Президенттік шәкіртақы иегерлерін құттықтаймыз және олардың алдағы жетістіктеріне сәттілік тілейміз!

 

  alt=  

 

  alt=  

 

Қоғаммен байланыс департаменті