қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
27.10.2023

Abai University 24 қазан - ҚР кітапханашылар күнін атап өтті

 

2023 жылдың 23-24 қазан аралығында Abai University Ғылыми кітапханасында ҚР кітапханашыларының кәсіби мерекесіне орай «KITAP TIME_2023» мерекелік шарасы өтті. Түрлі кітап көрмелері («Жаңа түскен басылымдар», «Сирек кітаптар қорынан», «Ұлттық құндылықтар»), бейне роликтер, презентациялар дайындалып, кітап баспаларымен кездесулер, авторлармен бенефистер, кітап жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Мерекелік шара университет басшылығының марапаттауымен, концерттік бағдарламамен жалғасты.

 

Ғылыми кітапхана директоры - Имансыдықова Н.Ж. ҚР ҒжЖБ министрлігінің Құрмет грамотасымен, «Аманат» партиясының Алғыс хатымен, Қазақстан кітапханашылар одағының «Құрметті кітапханашы» төсбелгісімен марапатталса, ұжым қызметкерлері: Қосанова М., Қондыбаева Қ., Акымжан Г., Гадиров Х., Ибраев А., Байжунусова Л., Байдилдаева А., Атежанова С., Қамбарова Қ., Кодекова А., Даркен А., Жақсылықова Г., М.Акимбаева Қазақстан кітапханашылар одағының «Құрметті кітапханашы», «Ардагер кітапханашы», Университеттің төсбелгілеріне, құрмет грамоталарына, алғыс хаттарына ие болды. Ғылыми кітапхана директоры - Имансыдықова Н.Ж. кітапхананың ең белсенді оқырмандарын «Жыл авторы», «Жыл оқырманы», «Құрметі оқырман», «Үздік оқырман», «Кітапхана волонтеры» номинациялары бойынша сертификатпен марапаттады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=