қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
01.11.2023

Интернационалдандыру бойынша күзгі кәсіптік бағдар беру жұмыстары

 

Маркетинг бөлімінің қызметкерлері кәсіптік бағдар беру бөлімімен және халықаралық ынтымақтастық бөлімімен бірлесіп, білім беру және кәсіптік бағдар беру бойынша халықаралық іс-шараларға қатысу кезінде күзгі кәсіптік бағдар беру жұмыстарын Қырғызстан, Түркіменстан, Өзбекстан және Астана қалаласында жүргізді.

 

Қырғызстанда университетіміздің өкілдері Бішкек-Қара-Балта-Токмок-Шолпан-Ата-Балықшы-Қаракөл бағыты бойынша еліміздің 130-дан астам мектебін (15 мыңнан астам адам) қамтитын 6-шы халықаралық «Еуразиялық білім» көрмесіне қатысты. Бұл көрмені Қырғызстанның Білім және ғылым министрлігі, ҚР Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігінің көмегімен «Еуразиялық ынтымақтастық ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұйымдастырды.

 

Бұл іс-шараға Ресей, Беларусь, Қазақстан және Қырғызстанның 40-тан астам беделді университеттері, соның ішінде Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты, Назарбаев Университеті, ҚМЭБИ, БМУ, БҰТУ, Ұлттық зерттеу университетінің Экономика жоғары мектебі және басқалар қатысты.

 

Түркіменстанда «Қуатты мемлекеттің жаңа дәуірінің Ренессансы дәуіріндегі денсаулық сақтау, білім және спорт» халықаралық көрмесіне қатысты. Университет өкілдері іс-шараға қатысушылар мен қонақтарға Абай университетінде оқудың артықшылықтары мен беделі туралы айтып, әр қатысушыны әртүрлі білім беру бағдарламалары, студенттердің өмір сүру жағдайлары, сонымен қатар студенттік өмір туралы таныстырып отырды. Келушілер сұрақтар қойып, жан-жақты ақпарат ала алды. Бұл көрмені түркіменстандық 700-ден астам әлеуетті үміткер тамашалады.

 

Көрменің ашылу салтанатына Үкімет мүшелері, Түркіменстанда тіркелген дипломатиялық миссиялар мен халықаралық ұйымдардың басшылары, министрліктер мен ведомстволардың, Ғылым академиясының, қоғамдық ұйымдардың, оқу орындарының және БАҚ басшылары мен өкілдері қатысты.

 

Өзбекстанда университеттің өкілдері Өзбекстан Халық ағарту министрлігінің, Жастар ісі жөніндегі министрлігінің көмегімен «My Fair» компаниясы ұйымдастырған Навои және Бұхара қалаларында өткен «Білім және кәсіп» халықаралық білім көрмесіне қатысты. Шараның барысында олар Абай университетіндегі білім беру бағдарламалары мен студенттік өмірін таныстырды. Бұл көрмеге екі облыстағы 70 мектептен 5000 мыңнан астам түлек қатысты.

 

Өзбекстанға сапар барысында Заравшан қаласы мен Навои облысының Кенимех ауданы, Бұхара облысының Газли қаласындағы қазақ мектептеріне барып, қазақ мектептерінің түлектерімен кездесу барысында университетіміздің өкілдері ҚР жоғары білім және ғылым министрлігінің «қандастарға» арналған стипендиялық және квоталық бағдарламалары туралы айтып, ҰБТ-ға тіркелу мен тапсыруды кезең-кезеңімен түсіндіріп, университетіміздің білім беру бағдарламаларымен таныстырды. Сондай-ақ олар Астанада Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен «Отандастар Қоры» КЕАҚ ұйымдастырған, әлемнің 40-тан астам елінен этникалық қазақтар бас қосқан «Отандастар» форумына қатысты. Бұл алаңда Моңғолия, Түркия, Ресей және басқа елдердің өкілдерімен жеке кездесулер өткізіліп, сол елдерде қазақстандық білім күндерін өткізу, квота гранттарын алу және ынтымақтастықтың басқа да өзара тиімді мәселелері талқыланды.

 

  alt=  

 

  alt=