Главная /
Объявления
25.09.2020 «Латын графикасына негізделген әліпби жүйесін филолог мамандарға игертудің жаңа технологиялары» оқу-әдістемелік вебинары
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Латын» ғылыми-практикалық орталығы мен «Латын графикасына негізделген ұлттық әліпбиді меңгертудің әдістемесі» ғылыми жоба орындаушыларының ұйымдастыруымен 2018-2020 жылдарға арналған «Латын графикасына негізделген ұлттық әліпбиді меңгертудің әдістемесі» (филология мамандығында оқитын студенттерге арналған ЖТН: АР05132846) мемлекеттік грант жобасы аясында «Латын графикасына негізделген әліпби жүйесін филолог мамандарға игертудің жаңа технологиялары» оқу-әдістемелік вебинары өтеді.
Вебинар барысында Ахмет Байтұрсынұлының танымдық технологиясының латынәліпбилі қазақ жазуын меңгертудегі тиімділігі, латыннегізді қазақ әліпбиін жобалау технологиясы арқылы меңгерту, латынәліпбиіндегі қазақ дыбыстарының таңбалануын цифрлы технологиялар арқылы меңгерту секілді тақырыптар қарастырылады.
Өтетін орны: ZOOM платформасы
Вебинар сілтемесі: https://us04web.zoom.us/j/7692514020?pwd=dkhaSUlkQkJ2NlhVU3FHSks2N2haUT09
ID 769 251 4020
Пароль 123456
Өтетін уақыты: 1 қазан 2020 жыл, сағат 11.00-13.00
Байланыс тел.: +7 705 181 23 27
|