қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
04.11.2023

Қазақстан-Франция жоғары оқу орындарының VIII халықаралық форумы өтті

 


 

Бүгін, 2023 жылғы 3 қарашада Абай университетінде Қазақстан-Франция жоғары оқу орындарының VIII Халықаралық форумының ашылуы өтті. Іс-шараға екі елдің 100-ге жуық өкілі, Францияның Қазақстандағы Елшілігі, университет ректорлары, отандық және шетелдік ғалымдар, сондай-ақ сарапшылар қатысты, деп хабарлайды Qazaq.today.

 

Форум мақсаты - Қазақстан мен Франция арасындағы білім және ғылым саласындағы байланысты нығайту.


Форумның ашылуында Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілеп іс-шараның маңыздылығына тоқталып, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың еліміздің білім және ғылым саласының дамуына ықпалы мен отандық білім берудің ғылыми-зерттеу жүйесіне әсерін атап өтті. Стратегия, цифрландыру және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Ақтолқын Құлсариева Абай университетінің халықарылық қызметі мен әлемдік аренадағы жетістіктері туралы баяндады.


Спикерлер арасында Францияның Қазақстандағы Елшілігінің мәдениет және ынтымақтастық жөніндегі кеңесшісі Алекс Бортолан француз университеттерінің геостратегиялық контексті мен сапасын таныстырды, ал Campus France агенттігінің өкілі Элиз Жадо Франциядағы екіжақты қарым-қатынастарды және студенттердің ұтқырлығын дамытудағы іс-шаралар бойынша агенттіктің қызметі туралы айтты.


«Болашақ» бағдарламасы аясында Францияның жоғары оқу орындарында оқитын қазақстандық студенттердің білімі бойынша қызмет сапасын одан әрі арттыра түсеміз. Әсіресе, қазақстандық зерттеушілердің білім алуына, тәжірибе алмасуына бар жағдайды жасаймыз және білім алатын зерттеушілер санының жылдан жылға артып келе жатқаны қуантады», - деді Элиз Жадо.


Форум барысында Сорбонна-Қазақстан институтында өткен пленарлық отырыста қызықты талқылаулар өткізілді. Білім беру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өңірлік атташе Ксавье Ле Торривеллек консорциумды және франко-қазақстандық бағдарламаларды қолдау механизімін ұсынды. Халықаралық бағдарламалар орталығының Басқарма төрағасы Әлия Оспанова «Болашақ» бағдарламасының шарттары мен ғылыми тағылымдамалар туралы айтып берді, ал Қазақстандағы Erasmus+ Ұлттық кеңсесінің үйлестірушісі Лаура Палуанова Erasmus+ бағдарламасы аясында Франция мен Қазақстанның жоғары оқу орындарының ынтымақтастық мүмкіндіктерімен таныстырды.


Іс-шараға қатысушылар Форумның қорытындыларын, оның ішінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, Сәтбаев университетінде және Нархоз университетінде білім мен ғылымның өзекті мәселелеріне арналған үш дөңгелек үстелді, сондай-ақ осы салалардағы негізгі зерттеулер мен әзірлемелер ұсынылған Абай университетіндегі пленарлық отырысты талқылады. Кездесу соңында екі елдің білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған Меморандумдарға қол қойылды.


Форум ынтымақтастықты дамытуға және халықаралық байланыстарды нығайтуға ықпал ете отырып, тәжірибе мен білім алмасуға бірегей мүмкіндік береді.

 

 

04.11.2023 ж.

Ақпарат көзі: qazaq.today