Главная /
СМИ о нас
04.11.2023 Қазақстан-Франция жоғары оқу орындарының VIII халықаралық форумы аяқталды
Форумның ашылуында Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілеп іс-шараның маңыздылығына тоқталып, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың еліміздің білім және ғылым саласының дамуына ықпалы мен отандық білім берудің ғылыми-зерттеу жүйесіне әсерін атап өтті.
Спикерлер арасында Францияның Қазақстандағы Елшілігінің мәдениет және ынтымақтастық жөніндегі кеңесшісі Алекс Бортолан француз университеттерінің геостратегиялық контексті мен сапасын таныстырды, ал Campus France агенттігінің өкілі Элиз Жадо Франциядағы екіжақты қарым-қатынастарды және студенттердің ұтқырлығын дамытудағы іс-шаралар бойынша агенттіктің қызметі туралы айтты.
Форум барысында Сорбонна-Қазақстан институтында өткен пленарлық отырыста қызықты талқылаулар өткізілді. Білім беру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өңірлік атташе Ксавье Ле Торривеллек консорциумды және франко-қазақстандық бағдарламаларды қолдау механизімін ұсынды.
Іс-шараға қатысушылар Форумның қорытындыларын, оның ішінде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде, Сәтбаев университетінде және Нархоз университетінде білім мен ғылымның өзекті мәселелеріне арналған үш дөңгелек үстелді, сондай-ақ осы салалардағы негізгі зерттеулер мен әзірлемелер ұсынылған Абай университетіндегі пленарлық отырысты талқылады. Кездесу соңында екі елдің білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған Меморандумдарға қол қойылды.
Форум ынтымақтастықты дамытуға және халықаралық байланыстарды нығайтуға ықпал ете отырып, тәжірибе мен білім алмасуға бірегей мүмкіндік береді.
04.11.2023 ж. Ақпарат көзі: bilim.expert
|