қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
06.11.2023

Жаратылыстану және география институты Академиялық комитетінің отырысы

 

Өткен аптада Жаратылыстану және география институтының Академиялық комитетінің отырысы өтті. Іс-шараға «География», «Биология», «Химия» бағыттары бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеушілер, студенттер қатысты.

 

Бірінші сұрақ бойынша «Жаратылыстану және география институтының білім беру бағдарламаларын базаға енгізілуі және жаңартылыуы туралы» Академиялық комитет төрайымы, аға оқытушы Бейкитова А.Н. сөз сөйледі. Бакалавриат, магистратура, PhD докторантураның білім беру бағдарламалары, олардың аккредитациялары мен рейтингтері туралы айтып берді.

 

Екінші сұрақ бойынша «6В01516 - География-тарих» білім беру бағдарламасындағы оқу пәндерінің мазмұны мен құрылымының ерекшеліктері туралы география және экология кафедрасының доценті Увалиев Т.О. сөз сөйледі.

 

Үшінші сұрақ бойынша география және экология кафедрасының профессоры Карбаева Ш.Ш. финдік білім беру негізінде әзірленген инновациялық «6В01515 - География» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасындағы «Жалпы жертану» пәнінің силлабусы мен оқу бағдарламасының құрылымымен таныстырып өтті.

 

Төртінші сұрақ бойынша Талғар аудандық жеке лицей-интернаты №1 директоры Д.Н.Бадалова және Жаратылыстану және география институтыныңдиректоры профессор К.Д.Каймулдинова екі жақты ыңтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, лицейде география және экология кафедрасының филиалы ашылды.

 

Бесінші сұрақ бойынша «География сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында Алматы қаласының №13 мектеп-гимназиясының география пәні мұғалімі Н.Ү.Шөпшекбаева 2-ші курс «6В01516 - География-тарих» мамандығының студенттеріне семинар-практикум жүргізді. Семинар-практикумға Академиялық комитет мүшелері, сондай-ақ «География және экология», «Биология», «Химия» кафедраларының оқытушылары қатысты.

 

Академиялық комитет отырысында білім беру бағдарламаларының сапасын жетілдіру бағытында бірнеше ұсыныстар айтылды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=