қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
08.11.2023

Абай университеті QS World University Rankings: Asia 2024 рейтингінде 146-шы орынды иеленді

 

2023 жылдың 8 қарашасында QS Asia 2024 халықаралық рейтингінің нәтижелері жарияланды, оған сәйкес Абай университеті 146-орынға көтеріліп, әлемнің ең ірі және қарқынды дамып келе жатқан аймағы - Азияның үздік ТОП-150 университеттерінің қатарына енді.

 

Бұл рейтингте позициялану университеттің академиялық, ғылыми-зерттеу және әлеуметтік салалардағы жетістіктерінің халықаралық деңгейде мойындалуының дәлелі болып табылады.

 

Университет Қазақстан мен Орталық Азиядағы педагогикалық мамандықтар бойынша академиялық шеберлік орталығы ретінде көшбасшылықты сақтайды, халықаралық академиялық қоғамдастықта және жұмыс берушілер арасында жақсы беделге ие, жоғары жұмысқа қабілеттілік пен білім сапасы болашағын педагогикалық қызметпен байланыстыруды мақсат еткен азаматтар үшін ең жақсы таңдау.

 

Педагогикалық зерттеу университетіне трансформациялану барысында ғылыми-зерттеу қызметіне баса назар аударылуда, университет ғалымдары жоғары квартильді халықаралық журналдарда жариялау белсенділігін арттыруда, беделді салалық конференцияларға қатысуда, сонымен қатар ғылыми монографияларды басып шығаруда және ғылыми-зерттеу байланыстары мен авторлық ынтымақтастығын арттыруда, педагогикалық ұжымның дәрежелілігі де өсіп келеді. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ғылыми-зерттеу құрамдас бөлігінің мойындалуы да септігін тигізуде.

 

Рейтинг негізінде университеттің әлеуметтік аспектідегі күш-жігері де бағаланады, сәйкесінше, университетте жақсы студенттік экожүйе, жақсы жабдықталған ғимараттар мен жатақханалар, мемлекеттік масштабта дамыған спорттық және волонтерлік қозғалыс, шахмат және басқа да шығармашылық бағыттар негізінде қызығушылық клубтары белсенді жұмыс істейді.

 

QS рейтингі көрсеткіштерінің оң динамикасы ел деңгейінде де, азиялық білім беру иерархиясында да педагогикалық мамандандыруды ескере отырып, университеттің алдағы өсу әлеуетін көрсетеді.

 

 

  alt=  

 

Стратегия департаменті