қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
14.11.2023

Профессор А.Н. Көшербаеваның 60 жылдығына арналған халықаралық NEO конференция

 

2023 жылдың 10 қарашасында Абай университеті Педагогика және психология институты Педагогика және психология кафедрасы Әзірбайжан мемлекеттік педагогикалық университетінің TUKSOY кафедрасының серіктестік қатысуымен, профессор Кошербаева Айгерім Нұралиқызының 60 жылдығына арналған «Педагогикалық білім берудегі басқару мен бағалау: трендтер, тәжірибе және технологиялар» халықаралық NEO конференциясын өткізді. Іс-шараның мақсаты - заманауи білім беру ортасының жаһандану және трансформациясы дәуіріндегі педагогикалық өлшемдердің, басқару және бағалаудың өзекті мәселелерін диалог форматында талқылау. NEO конференцияның негізгі бағыттары: жаһандану және қоғамды ақпараттандыру жағдайындағы психология және педагогика мәселелері; қазіргі білім берудегі басқару мен бағалаудың өзекті мәселелері; қазақстандық мектептер мен жоғары оқу орындарының білім беру ортасының даму әлеуетін халықаралық шкалалардың тиімді құралдарымен өлшеу және бағалауды жобалау; мектептің қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайында психологиялық қызметтің дамуы және кадрларды дайындау мәселелері.

 

Конференция аясында «Педагогикалық өлшемдер» зертханасының ашылуы; «Білім беру ортасының сапасын бағалау шкаласы және оның білім беруді дамытудағы рөлі» тақырыбында алтын дәріс өтті. Пленарлық отырыс және халықаралық дөңгелек үстелде ЮНЕСКО Орталық Азия гляциологиялық орталығының директоры Такир Балықбаев; Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев; ҰТО директорының орынбасары Фархад Сұлтабаев; Мәскеу педагогикалық университетінің Урбанизм және жаһандық білім беру ғылыми-зерттеу институтың профессоры Игорь Шиян; Польша Адам Мицкевич атындағы Познан университетінің профессоры, Нью-Йорк және Осака (Жапония) университеттерінің құрметті профессоры Борис Ланин баяндама жасады.

 

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Әйгерім Нұрәліқызы Көшербаева Ахмет Байтұрсынұлы атындағы төсбелгімен марапатталды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=