қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
16.11.2023

Жарытылыстану және география институты халықаралық конференцияға қатысты

 

2023 жылдың 14 қарашасында Жарытылыстану және география институтының профессор-оқытушылар құрамы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өткен «Жасыл университеттер: елдер арасындағы ынтымақтастық» тақырыбындағы халықаралық конференцияға қатысты. Конференцияның мақсаты - тұрақты даму тұрғысындағы экологиялық білім беру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және «жасыл» әкімшілендіруді енгізу бойынша жоғары оқу орындарының халықаралық тәжірибесімен алмасу және осы бағытта әртүрлі елдердің күш-жігерін біріктіру болды.

 

Іс-шараға Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Беларусь және басқа елдердің жоғары оқу орындарының әкімшілігі мен профессор-оқытушылар құрамының өкілдері, «GreenMetric» өкілдері, Қазақстанның және басқа елдердің мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарының өкілдері; «ЕСА» Жасыл қозғалысының, «Ресейдің жасыл университеттері» бағдарламасының, БАҚ өкілдері қатысты.

 

Конференция жұмысының барысында «Жоғары оқу орындарының экологиялық бағыттағы табысты тәжірибесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Онда GreenMetric рейтингінің көшбасшылары - Қазақстан Республикасының 3 университетінің өкілдері сөз сөйледі: Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті; М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті; әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.

 

Университетеміздің атынан әлемдік рейтингке қатысуға жауапты жұмыс командасының жетекшісі, профессор К.Ш.Бәкірова сөз сөйлеп, Абай университетінің GreenMetric жүргізіліп жатқан жұмысына тоқталды. Университет рейтінгке 2020 жылдан бастап қатысады және бүгінде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында 10-шы орыннан 7-ші орынға көтерілді.

 

  alt=