қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
17.11.2023

Жұмыс берушілер пікірін зерделеу

 

«Бастауыш білім беру» бағдарламаларының сапасын және болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау сапасын арттыру мақсатында Педагогика және психология институты «Бастауыш білім беру» кафедрасының практика жетекшілері - аға оқытушы Омарова Гүлнара мен профессор Лебедева Лариса 2023 жылдың 14-16 қараша аралығында түлектер жұмыс істейтін мектептер әкімшілігі арасында сауалнама жүргізді.

 

Сауалнамаға Алматы қаласындағы «120 мектеп-гимназия» КММ, «123 мектеп-гимназия» КММ, «№35 гимназия» КММ, «Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия» КММ, «М.Маметова атындағы №28 мектеп-лицейі» КММ, «М.Мақатаев атындағы №140 гимназия» КММ, №82 ЖББМ, «Ғанибет» жеке мектебі қатысты.

 

Сауалнама жүргізілген мектептерде кафедраның 2 немесе одан да көп түлек жұмыс істейді. Жұмыс берушілер жас мамандардың теориялық білімі мен практикалық дайындығының жоғары деңгейін атап өтті, жоғары еңбек тәртібін және өздігінен білім жетілдіруге деген ұмтылыстарын ерекшеледі. Жаңа жағдайларға бейімделгіштігі мен еңбек міндеттерін өз бетінше орындау қабілеті де жоғары бағаланды. Сондай-ақ, студенттердің тілді меңгеру, ақпараттық технологиялар, экономикалық сауаттылық жағынан қосымша дайындық деңгейін арттыру керектігі де атап өтілді.

 

Маман даярлауды жақсарту бойынша ұсыныстары төмендегідей болды: болашақ мұғалімдердің тіл мәдениетін арттыру; дарынды және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеуге дайындау, инклюзивті білім беруге көңіл бөлу; оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту әдістемесін оқып үйрену.

 

Жұмыс берушілердің барлық ұсыныстарын алдағы уақытта білім беру бағдарламаларын құрастыруда ескеретін боламыз.

 

  alt=  

 

  alt=