Главная
Новости
20.11.2023 «EdCrunch X: тең қолжетімділік және тең мүмкіндіктер» халықаралық Х конференциясы
2023 жылдың 15-16 қарашасында Алматы қаласы Республика сарайында «EdCrunch X: тең қолжетімділік және тең мүмкіндіктер» Х конференциясы өтті. Конференцияға мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының меңгерушісі Қиякбаева У.К., профессор-оқытушылар құрамы Алимбекова А.А., Абитова Г.Т., Булшекбаева А.И., Толешова У.Б., Жакупова А.Ж. Атемкулова Н.О., және «8D012-Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту педагогикасы» мамандығының докторанттары: Аубакир Б, Берлибаева М.Б., Ердембекова Д, Ауезова А, Иминова Ю. қатысты.
Edcrunch X конференциясына 25 елден 350-ден астам әлемдік спикерлер, 5000 офлайн-қатысушылар және 30 000 онлайн-қатысушылар жиналды, олар білім беруге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету және білім беру үдерісіне жасанды интеллектті пайдалану мәселелерін талқылау үшін жаңа мүмкіндіктерді жан-жақты қарастырды. Конференция аясында білім берудегі цифрлық технологиялар, когнитивтік ғылым, жасанды интеллект және неврология саласындағы заманауи жетістіктерге, сондай-ақ үйде оқыту әдістері мен Coursera бағдарламаларын көбейту және әр студентке қолжетімді болуын қамтамасыз ету туралы айтылды.
Онлайн-магистратураларды іске қосуға арналған 150 панельдік пікірталас, сараптамалық сессиялар мен мастер-класстар өтті. Спикерлер құрамы - Дубай, Финляндия, Оңтүстік Корея, Түркия, АҚШ, Сингапур, Эстония, Таиланд, Мексика, Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, АҚШ және Ұлыбританиядан келген университет басшылары, білім беру платформаларының, онлайн-университеттердің, инновациялық мектептердің өкілдері.
|