қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
22.11.2023

Қ.А. Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназиясында өткен ашық сабақ


2023 жылдың 22 қарашасында Алматы қаласындағы Қ.А.Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназиясында педагогикалық практика аясында Тарих және құқық институтының «6В01601-Тарих» мамандығының 4 курс студенттері Алмагүл Қайратқызы «Қазақстандағы ұлттық автономиялар» тақырыбына 8 «Ә» сынып оқушыларымен, ал, Назира Нұрмұханбет «ХХ ғасырдың 60-80 жылдарындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуындағы қарама-қайшылықтар» тақырыбында 9 «А» сынып оқушыларымен ашық сабақ өтті. Ашық сабаққа Тарих және құқық институт директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрлан Манапов, практика жетекшісі Қ.А.Яссауи атындағы №123 мектеп-гимназиясының педагог-сарапшысы Калдыбек Жаныкулов мен Тарих кафедрасының меңгерушісі Айнаш Азербаева, тарих пәнінің мұғалімдері мен 4 курс студенттері қатысты. Сабақтың мазмұны көрсетілген тақырыпқа және сабақ жоспарына толық сәйкес келді.

 

Сабақ барысында «Baambozzle» платформасы арқылы үй тапсырмасы сұралды. Жаңа білім презентация түріндегі көрнекі интерактивті материалмен сүйемелдене отырып, терминдер және мәтіндермен топ-топ бойынша жұмыс жасалды. Жаңа сабаққа байланысты видео көрсетілді. Сонымен қатар, ВЕНН диаграммасы мен сәйкестендіру әдісін пайдаланды. Сабақты бекіту барысында «Wordwall» платформасы арқылы сұрақтар аялдамасына тоқталып, «Жасанды интеллект» әдісі бойынша сабақты қорытындылады. Кері байланысқа «Киіз үй» әдісін қолданды.

 

Ашық сабақ - бағдарламалық материалды сапалы және нақты игеруге, өткен оқиғалардың салдарын түсінуге, оқушылардың шығармашылық белсенділігін, тапқырлығын, қызығушылығын дамытуға және белгілі бір дүниетанымды қалыптастыруға ықпал етті.

 

Сабақтың мақсаттары, білім, білік және дағдыларды қалыптастыру жүзеге асырылды. Сабақ аяқталғаннан кейін өткен ашық сабаққа талқылау жасалынды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=