қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
23.11.2023

«Психологиялық қолдау» қызметі жатақхана студенттерімен кезекті профилактикалық кездесу өткізді

 

2023 жылдың 20-24 қараша аралығында «Қаржылық сауаттылықтылықтың маңыздылығы» тақырыбында Абай атындағы ҚазҰПУ психологтары жатақхана студенттерімен кездесті. Мақсаты - студенттерге қаржылық сауаттылық бойынша өзекті және базалық ақпарат беру, қалай қаржылық мақсат қою және оған тиімді әрі нәтижелі жетуге болатынын түсіндіру.

 

Психологтар кездесудің басында кіріс пен шығысты басқару, қаржылық жоспар құру және қаржылық қызметтерді пайдалану жайлы ақпаратпен бөлісті. Сондай-ақ, жас ерекшілігіне байланысты мақсаттың өзгеруі, өз мақсатыңды анықтау және оған қалай жетуге болатынын түсіндірді.

 

Студенттерге болашақта қандай қаржылық қызметтерді пайдалануға болатынын, жеке банк карточкасы мен жеке төлқұжаттың бөгде адамдарға бермеудің маңыздылығын, қаржылық қателік пен қаржылық пирамидалар, ойын автоматтары мен форекстен қалай сақтану керектігін атап өтті.

 

Кездесуге жатақханада тұратын 150-ге жуық студент қатысты.

 

  alt=