Главная
Новости
24.11.2023 Абай университеті постдокторанттарының екінші легі
Ғылым саласындағы кадр резервінің әлеуетін кеңейту үшін жыл сайын университет конкурс тәртібімен постдокторанттар пулын қалыптастырады. Постдокторантура бағдарламасы университетте 2019 жылы енгізілді, және бүгінгі күні олардың саны 28 орынды құрайды. Постдокторанттар ғылымның барлық салаларында зерттеулер жүргізіп, оны дамыта отыра, білімнің жаңа көкжиегін ашады. Осы жылы постдокторантура бағдарламасын 7 жас зерттеуші аяқтайды.
2023 жылдың 24 қараша 7 постдокторант Лайсханов Шахислам, Сапарғалиева Баян, Сейлхан Айнұр, Серікова Самал, Байкулова Әйгерім, Молдағали Бақытгүл және Акимбекова Шырын постдокторантураның толық бағдарламасын аяқтағаны туралы куәліктерін алды.
Постдокторантура бағдарлама аясында олар үлкен жетістіктерге жетті: бір постдокторант ҚР «Жоғары оқу орнының Үздік оқытушысы», екеуі талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендия иегері және біреуі «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты атанды. Үш жылдың ішінде постдокторанттар Scopus және WoS базасының рецензияланатын журналдарында 55 мақала жариялады, оның ішінде СiteScore бойынша жоғары процентильді журналдарда 29 жарияланым (процентиль 50-ден кем емес және Q1, Q2-ден кем емес) және ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК ұсынған журналдарда 81 мақала жарияланды. Постдокторантура бағдарлама түлектерінің арасында ҚР ҒЖБМ қаржыландыратын ғылыми жобалардың, сондай-ақ халықаралық жобалардың жетекшілері бар. Бұл нәтижелер университеттің зерттеу әлеуетін, сондай-ақ оның әлемдік рейтингтердегі көрсеткіштерін арттыруға оң әсер етеді.
Біздің түлектеріміздің нәтижелеріне сүйене отыра, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Постдокторлық бағдарламасы жас зерттеушілерге зерттеу әлеуетін, метрикалық көрсеткіштерін арттыруға, кәсіби дағдыларын кеңейтуге және өздерінің ғылыми салаларында көрнекті нәтижелерге қол жеткізу үшін ерекше алаң деп айта аламыз. Бағдарлама зерттеушілердің мансабындағы маңызды кезең болып табылады, оларды табысты және нәтижелі ғылыми мансапқа дайындайды және тек елде ғана емес, халықаралық кеңістікте де ғылыми зерттеулердің дамуына ықпал етеді.
Түлектерімізге ғылыми жетістіктер және шығармашылық табыс тілейміз!
|