қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
24.11.2023

«Экология және біз» экологиялық сағат


2023 жылдың 23 қарашасында педагогикалық практика аясында Алматы қаласы Қ.Қатықбаева атындағы №168 мектеп-гимназиясында «Мейірім» клубының экологиялық бағыты бойынша Педагогика және психология институты «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасының 4-ші курс студенті Қияқбай Назым қауымдастырылған профессор Ширинбаева Гүлбахираның жетекшілігімен 5 «Б» сынып оқушылармен «Экология және біз» тақырыбында сыныптан тыс ашық экологиялық сағат өткізді.

 

Іс-шараның мақсаты ғаламшардағы қолжетімді ауыз су мөлшерінің шектелуі және қалдықтарды басқару мәселесінің маңыздылығын түсіну туралы білім беру арқылы оқушылардың экологиялық жауапкершілігін қалыптастыру. Тақырыптың өзектілігі сабақтың: 1) су ресурстары; 2) қоқысты қайта өңдеу; 3) эко-із теориялық және практикалық бөлігінде"Экологиялық клубтар" оқу бағдарламасы негізінде ашылды. Теориялық бөлім су ресурстарын қорғау әдістерін зерттеуді және қалдықтарды басқаруды қамтыды. Экологиялық сағаттың практикалық бөлігі арнайы құрылған «Сұрақ-жауап» жасыл шеңберінде ұйымдастырылды. Су ресурстары, қоқысты қайта өңдеу бойынша бақылау тәжірибесі көрсетілді. Үлестірме материалмен шығармашылық тапсырмалар, «Қоқысты қайта өңдеу», «Кім жылдам» интерактивті карта ойындары өткізілді. Топтық және шығармашылық жұмыстарды жүргізу оқушыларға объективті қорытынды жасауға, жалпы ғаламшарға қиянат жасамаудың экологиялық аспектілерін қарастыруға мүмкіндік берді. «Экослед» тестілеу әдісі бойынша кері байланыс алу үшін климаттық өзгерістердің жай-күйі мен ғаламшар экологиясының ластану деңгейіне кешенді қорытындылар мен салыстырмалы талдау жасалды.

 

Соңында экологиялық сағат барысында анықталған негізгі мәселелер негізінде мектепте экологиялық клуб құру идеясы аясында оқушылардың еріктілік қызметін жандандыру қажеттілігі жөнінде ұсынымдар қабылданды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

«Мейірім» еріктілер клубы