қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
27.11.2023

Постдокторанттар ғылымның дамуына ықпал етеді

 



2019 жылы енгізілген бағдарлама бүгінде 28 орынды қамтиды.

 

Абай университеті ғылым саласындағы кадрлық резервтің әлеуетін кеңейту мақсатында жыл сайын конкурс арқылы постдокторанттар пулын қалыптастырады. 2019 жылы енгізілген бағдарлама бүгінде 28 орынды қамтиды. Постдокторанттар зерттеулерге тереңірек үңіліп, ғылымның дамуына белсенді ықпал етеді.

 

Биыл Абай университетінің жеті жас зерттеушісі - Шахислам Лайсханов, Баян Сапарғалиева, Айнұр Сейілхан, Самал Серікова, Әйгерім Байкулова, Бақытгүл Молдағали және Шырын Акимбекова - постдокторантураны сәтті аяқтап, оқуды аяқтағаны туралы куәлігін алды.


Постдокторантура бағдарламасы аясында олар үлкен жетістіктерге жетті: бір постдокторант «ҚР Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы», екеуі талантты жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендия иегері және біреуі «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты атанды. Үш жылдың ішінде постдокторанттар Scopus және WoS базасының рецензияланатын журналдарында 55 мақала жариялады, оның ішінде СiteScore бойынша жоғары процентильді журналдарда 29 жарияланым (процентиль 50-ден кем емес және Q1, Q2-ден кем емес) және ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК ұсынған журналдарда 81 мақала жарияланды. Постдокторантура бағдарлама түлектерінің қатарында ҚР ҒЖБМ қаржыландыратын ғылыми жобалардың, сондай-ақ халықаралық жобалардың жетекшілері бар. Бұл нәтижелер университеттің зерттеу әлеуетін, сондай-ақ оның әлемдік рейтингтердегі көрсеткіштерін арттыруға оң әсер етеді.


Абай университетінің Постдокторантура бағдарламасы жас зерттеушілерге тиімді қолдау көрсетіп, олардың кәсіби өсуіне және ғылыми құзыреттілігін кеңейтуге ықпал етеді. Бұл бастама ғалымдардың тек Қазақстанда ғана емес, халықаралық кеңістікте де мансаптық өсуін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

 

27.11.2023 ж.

Ақпарат көзі: aikyn.kz