қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
30.11.2023

Білім беруді цифрландыру білім беру қатынастарындағы өзгерістердің триггері ретінде

 

2023 жылғы 29 қарашада Абай университеті профессоры Абсатова Марфуга Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті ұйымдастырған «Білім беруді цифрландыру білім беру қатынастарын өзгерту триггері ретінде» халықаралық ғылыми-әдістемелік семинарға спикер ретінде қатысты.

 

Семинарды Басқарма мүшесі-академиялық мәселелер жөніндегі проректор Абдрашева Дана алғы сөзбен ашып, бағдарламаға сәйкес шетелдік қонақтар: доцент Сорока Оксана (Беларусь), доцент Хазратова Фируза (Татарстан, Ресей), сонымен қатар қазақстандық ғалымдар профессор Майгельдиева Шарбан, доцент Игенбаева Рабига (Қызылорда университеті), доктор PhD Махамбетов Мұрат (А. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті) сөз сөйледі.

 

Профессор Абсатова Марфуга өз сөзінде тұтас педагогикалық үдерісте цифрлық ресурстарды іске асырудың жеке тәжірибесімен бөлісті, jamboard, Padlet, Google.Forms, Mentimeter.com, miro және сол сияқты бақа да ресурстардың мүмкіндіктерін ашты.

 

Кездесу соңында семинарға қатысушылар мен спикерлер білім беруді цифрландыру жағдайында оқу процесін одан әрі жетілдіру жөнінде пікір алмасты, сондай-ақ «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының жетекшісі Бекжанова Бақытжамал барлық қатысушыларға алғысын білдіріп, қорытынды жасады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=