Главная /
СМИ о нас
11.12.2023 Монографияның тұсаукесері өтті
Жиында орта білім беру сапасын арттырудың негізгі аспектілері мен оқу үрдісін оңтайландыру әдістері талқыланды.
Ғани Бейсембаев монография авторын құттықтап, педагогикалық жоғары оқу орындарының еліміздегі барлық мектептерге педагог кадрларын даярлаудағы рөліне тоқталды. Ұлттық баяндама жобасының білім беруді дамытуға бағытталған негізгі құжат екенін айта келе, министр білім саласындағы қолжетімділік пен теңдікті қамтамасыз ету, қолайлы білім беру ортасын құру және адами капиталды дамытуды қамтитын ортақ міндеттерді жүзеге асыру жолындағы екі министрліктің бірлескен жұмысын ерекше атап өтті.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Оқу-ағарту министрлігі арасында жақында қол қойылған меморандум аясында жоғары оқу орындарының ректорлары мен білім басқармаларының басшылары білім беру сапасын арттыру және жоғары білікті педагог кадрларды даярлау бойынша белсенді жұмыс атқарып жатқаны айтылды. Сондай-ақ бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізіліп, білім және ғылым салаларында ынтымақтастық орнату бастамалары жүзеге асырылатын болады.
11.12.2023 ж. Ақпарат көзі: almaty-akshamy.kz
|