қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
14.12.2023

«Солтүстік Тянь-Шань фаунасы - қазіргі жағдай және оны сақтау мәселелері» ғылыми семинары

 

2023 жылдың 13 желтоқсанында Жаратылыстану және география институтының биология кафедрасы ҚР Зоология және жануарлардың генефонды ғылыми-зерттеу институтымен бірлесе отырып, «Солтүстік Тянь-Шань фаунасы - қазіргі жағдай және оны сақтау мәселелері» тақырыбында жоспарланған іс-шара өткізді.

 

Іс шараның мақсаты - білім алушыларды Солтүстік Тянь-Шаньның таулы экожүйелерінің фаунасы және оны зерттеу, сондай-ақ сақтау және қайта қалпына келтіру мәселелерімен таныстыру.

 

Бұл семинарға зоология және жануарлар генофонды институтының энтомология зертханасының меңгерушісі С.В. Колов және арахнология зертханасының инженер лаборанты Л.В. Ким шақырылды. Іс шараға Биология кафедрасының профессор - оқытушылар құрамы және «6В05101-Биология» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері қатысты. Семинар болашақ мамандарды кәсіби қалыптастыруда білім алушылар үшін әдіснамалық маңызға ие. Студенттер баяндамашыларды қызығушылықпен тыңдап, ғалымдардың ғылыми қызметі туралы сұрақтарын қойды.

 

Ұйымдастырушылар - оқытушылар А.Д.Майматаева, М.Б.Жаксыбаев, Б.К.Есимов, К.И.Батырова, Н.А.Бекенова, Д.У.Сексенова, Б.И.Джолтуков.

 

  alt=