қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
27.12.2023

Ғылым - ғаламның қозғаушы күші

 



Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 20 оқытушысы шетелдің жетекші университеттері мен ғылыми-өндірістік орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өту бойынша грант иегерлері атанды.

 

Абай университетінің 20 ғалымы «Болашақ» Халықаралық бағдарламалар орталығының конкурстық іріктеуінен сүрінбей өтіп, грант иегерлері атанды. Енді олар әлемнің ең үздік ғылыми орталықтарында ғалыми тағылымдамадан өтетін болады.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында ғылым саласын дамыту бойынша Үкіметке берген тапсырмасына сәйкес, жыл сайын еліміздің 500 ғалымы шетелден тағылымдамадан өтетіні туралы айтқанбыз. Бағдарлама бойынша грант иегерлерінің кезекті тізімі жарияланды. Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысының шешімінің қорытындысы бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 20 оқытушысы шетелдің жетекші университеттері мен ғылыми-өндірістік орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өту бойынша грант иегерлері атанды.


Абай университетінен үміткер ретінде ұсынылған 34 ғалымның 20-сы конкурс талаптарына сай, іріктеудің барлық критерийларына сәйкес деп танылған. Ғылыми тағылымдамадан өтуге ең алдымен, үміткердің ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесінің, бейіні бойынша доктор, философия докторы (PhD), магистр дәрежесінің болуы шарт. Кез-келген шетелдік тәжірибе алмасудың негізгі шарты - мемлекеттік және шет тілдерін білу. Үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидалары мынадай: ғылыми зерттеудің таңдалған мамандану саласында соңғы 12 (он екі) айдағы үздіксіз нақты жұмыс өтілінің, тағылымдамаға қабылдайтын шетелдік ұйымның атынан шартсыз шақыртуы болуы, Web of Science, Scopus сияқты халықаралық ғылыми басылымдарда мақалаларының жариялануы қажет. Аталған талаптарға сай келген маман, ары қарай құжаттарын жинап, 3 кезеңнен тұратын конкурсқа жіберілуі тиіс. Ғылыми тағылымдамадан өту бір рет қарастырылады.


«Болашақ» бағдарламасы аясында грант алған ғалымдар шетелдегі озық оқу орындары мен ғылыми орталықтарда кәсіби біліктілігін жетілдіретін болады.

 

27.12.2023 ж.

Ақпарат көзі: turkystan.kz