Главная /
СМИ о нас
17.01.2024 ABAI UNIVERSITY жас ғалымдары көптен күткен баспанаға ие болды
Бұл келісім Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің 2023 жылғы 12 сәуірдегі отырысында берілген Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында жүзеге асырылуда.
Абай университетінде осы бағдарлама аясында Өнер, мәдениет және спорт институты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, PhD Карима Сейтбекова, Математика, физика және информатика институтының оқытушылары Салтанат Мейманкулова және Айкенже Жамкеева, Тарих және құқық институтының оқытушылары Айзада Берікболова мен Мадина Амандосова баспаналы болды.
«Отбасы банк» АҚ университеттің тағы 7 жас ғалымының құжаттарын мақұлдады, бұл бастаманың тиімділігі мен қажеттілігін растайды. Абай университетінің жас ғалымдары ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне, университет басшылығына қолдау көрсеткені үшін шын жүректен алғыс білдіреді. Бұл бағдарлама дарынды ғалымдар үшін жайлы баспанамен қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың Қазақстандағы ғылымның дамуына қосқан үлесін ынталандырады.
17.01.2024ж.
|