Главная
Новости
18.07.2013
ҰЛТТЫҚ РЕЙТІНГІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ШЫҒАРЫЛДЫ 2008 жылдан бері елімізде білім сапасын қамтамасыз ету жөніндегі қазақстандық тәуелсіз агенттік (IQAA - НКАОКО) жұмыс істеп келеді. Ол жыл сайын Қазақстан жоғары оқу орындарының ұлттық Бас рейтингісін шығарып, жариялап отырады. Жуырда ғана бұл агенттік академиялық статистикалық көрсеткіштерді, сарапшылар мен жұмыс берушілердің сауалнамасын және оқу орындарының сапалық көрсеткіштерін талдай отырып 2013 жылғы Қазақстан жоғары оқу орындарының Ұлттық бас рейтингісін анықтады. Ұлттық рейтингіде еліміздегі 20 жоғары оқу орны үздік оқу орындары деп танылды. Осы оқу орындарының ішіндеАбай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 4-шы орыннан көрінді. Еліміздегі жоғары педагогикалық оқу орындары ішінде Ұлттық бас рейтингі бойынша біздің университетіміз 1-ші орынға шықты.
|