қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
30.01.2024

Абай университеті ректорының «A-bluse» ВИА қатысушыларымен кездесуі

 

  alt=  

 

Бүгін, 2024 жылдың 30 қаңтарында Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы - ректор Болат Тілеп «A-bluse» студенттік вокалды-аспаптық ансамблінің (ВИА) мүшелерімен кездесу өткізді.

 

Абай университетінің «A-bluse» студенттік ВИА тобының «Полька Евы» фин халық әнін орындауындағы видео Instagram және TikTok әлеуметтік желілерінде 70 миллионнан астам қаралым жинап, әлемдік трендке айналды. Студенттердің өнеріне пікір білдіріп, тамсанғандар арасында тек қазақстандықтар ғана емес, әлемнің түкпір-түкпірінен пікір білдірген өзге ұлт өкілдері де болды.

 

Болат Тілеп «A-bluse» тобы мен жетекшісі Нұржан Касимовқа университет атынан шығып, өнер мен мәдениет әлеміндегі беделін нығайтуға үлес қосып жүрген жоғары жетістіктері үшін алғысын білдірді. Сонымен қатар университет дарынды жастарды қолдауға және олардың шығармашылық әлеуетін дамыту үшін барлық қажетті жағдайларды жасауға, студия мен музыкалық аспаптармен қамтамасыз етуге дайын екенін атап өтті.

 

Кездесу барысында топтың шығармашылығы мен жетістіктеріне ерекше көңіл бөлініп, алдағы республикалық конкурстарға жоспарлары мен дайындық мәселелері талқыланды.

 

Бұл жетістік Абай университеті студенттерінің өнері мен шығармашылық ізденістерін үнемі қолдаудың тамаша үлгісі болып табылады. Университет өзінің дарынды студенттерімен мақтанады және олардың кәсіби өсуін ынталандыруды жалғастырады.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=