қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
30.01.2024

Тарих және құқық институтының кітапханасына ғалымның сыйы

 

2024 жылдың 29 қаңтарында ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ханкелді Әбжанов отандық тарихтың өзекті мәселелерін дүниежүзілік тарих контекстінде зерделеу, ұлттық тарихтың әлеуметтік және рухани аспектілерін, қазақ халқының тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің жаңғыруы жолындағы күресін, тарихтағы проблемалар мен жаңа ұстанымдарды айқындау, тарихи процестерді талқылау тақырыптарында жазылған 650 дана кітаптарын Тарих және құқық институтының кітапханасына тарту етті. Сыйға тартылған әдебиеттердің қатарында университеттің мәдени мұрасын байытуға және студенттер мен оқытушылар үшін құнды ресурс болатын ғылыми және танымдық басылымдар бар.

 

Ханкелді Әбжановтың авторлығында шығарған бұл ғылыми еңбектері кітапхана сөрелерінде орын алып қана қоймай, оқырмандардың, білім алушылар мен жас ғалымдар жүрегіне жол тауып, жаңа білім мен зерттеулерге шабыт береді. Институт кітапханасында академиктің ғылыми еңбектерінің кітап және иллюстрациялық көрмесі өткізілді.

 

Тарих және құқық иснтитутының ұжымы және Ғылыми кітапхана қызметкері Күлшат Майкотова кітапхананың кітап қорын толықтыруға және білім ордамыздағы білім мен ғылымның дамуына қосқан зор үлесі үшін Ханкелді Махмұтұлы Әбжановқа шексіз ризашылығын білдірді.

 

  alt=