қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
31.01.2024

Абай университеті Webometrics әлемдік рейтингінде Қазақстанның ТОП-5 үздік университеттерінің қатарына енді

 

Әлемнің үздік жоғары оқу орындарының веб-сайттарының Webometrics Ranking of World Universities-2024 халықаралық рейтингі жарияланды. Бұл университет веб-сайтына деген сұранысты және оның зерттеуші ғалымдарының Scopus және Google Scholar ғылыми-метрикалық жүйелеріндегі жарияланымдарының қажеттілігін ескеретін көрсеткіштер жиынтығына негізделген жаһандық рейтинг.

 

Жаһандық рейтингке әлемнің 31 864 университеті және Қазақстанның 127 жоғары оқу орны қатысты. Рейтинг нәтижесі бойынша Абай университеті әлем университеттері арасында 4157-ші (2023 - 4881-ші орын) орын алып, былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 724 орынға көтерілді. Impact индикаторы бойынша 2410 орынды иеленіп, 6 110 орынға көтерілді. Webometrics жаңа деректері бойынша отандық университеттер арасында Абай университеті 5-орынға ие болып, еліміздегі ТОП-5 үздік ЖОО-ның қатарына енді (2023 жылы 5 және 7 орындар, 2022 жылы 7 және 9 орындар). Педагогикалық білім берудің флагманы - Абай атындағы ҚазҰПУ жақсы нәтиже көрсетіп, ҚР салалық жоғары оқу орындары арасында 1-ші орынды иеленді.

 

Webometrics университеттердің Интернет-кеңістікте болуын, оның ішінде ғылыми жарияланымдарды талдап, университет веб-сайттарының мазмұны мен танымалдылығын бағалайды. Cybermetrics Lab әдістемесі бойынша университеттерді саралау алгоритмі үш индикатор негізінде құрылады: Impact, Openness, Excellence.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ жыл сайынғы жетістіктерін көрсетуді жалғастыруда, бұл оның әлемдік жоғары білім жүйесіндегі тұрақты орнын тағы да растайды. Халықаралық рейтингтерге қатысу университетке әлемдік ғылыми кеңістікте белсенді болуға, оның халықаралық білім беру ортасына кіруін қамтамасыз етуге, білім беру және ғылыми процестерді халықаралық ережелер мен стандарттарға сәйкес үйлестіруге, ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасын арттыруға және даму үшін жаңа перспективаларға жол ашуға мүмкіндік береді.

 

  alt=