Главная
Новости
12.02.2024 Студенттерге арналған Халықаралық қысқы мектептің алғашқы тәжірибесі
2024 жылдың 7-9 ақпанында бастауыш білім беру кафедрасында бастауыш білім берудің өзекті мәселелеріне қызығушылық танытқан 3-4 курс студенттеріне арналған бірінші Халықаралық қысқы мектеп онлайн режимінде сәтті өтті. Жобаның ұйымдастырушысы - Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Педагогика және психология институты бастауыш білім кафедрасының аға оқытушысы, педагогика магистрі - Екатерина Рябова. Спикерлер ретінде Беларусь, Ресей, Қазақстан оқытушылары баяндама жасады.
Студенттер келесідей пайдалы және қызықты шеберлік сабақтарына белсенді қатысты: 1. Бастауыш сыныптағы музей педагогикасы: қуыршақ тарихы. - Ильинская Ирина, п.ғ.к., «БелМУ» Ұлттық зерттеу университетінің педагогика кафедрасының доценті. 2. Білім беру үдерісіндегі мұражай құралдары - Светлана Гринько, жаратылыстану және лингвистикалық пәндер және оларды оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы (Янка Купала мемлекеттік университеті, Гродно, Беларусь Республикасы); 3. Оқытушының практикалық іс-әрекетінде оқу сайттарын пайдалану - Эльвира Сабирова, п.ғ.к., Қазан федералды университеті, бастауыш білім беру кафедрасының доценті; 4. Цифрлық оқытуда кері байланысты ұйымдастыру - Асыл Аренова, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың бастауыш білім беру кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы; 5. Бастауыш мектепте жобалық іс-әрекетті ұйымдастыру ерекшеліктері - п.ғ.к., профессор м.а. Агеева Лариса; PhD, асс. проф. м.а. Елена Агранович, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің бастауыш оқытудың педагогикасы және әдістемесі кафедрасы.
Қатысушы-студенттер күн сайын кері байланыс сауалнамасын толтырды, онда алған әсерлері мен ойларымен бөлісті. Қысқы мектеп білім ордасына, нағыз шабыт орталығына айналды. Жиналғандардың барлығы ұстаз болу тек мамандық емес, болашақ шәкірттер алдындағы міндет, жауапкершілік екеніне тағы да көз жеткізді. Өйткені, білім әлемді өзгертудің кілті және әр адам болашаққа өзіндік бірегей үлес қосады.
Үш күндік жұмыстың қорытындысы бойынша студенттермен жұмыстың бұл түрі өте өзекті және пайдалы деп сеніммен айта аламыз. Келесі жылы спикерлер мен мектеп қатысушыларының географиясын кеңейтеміз деп үміттенеміз.
|