қазақша · русский · english
   
  Главная  Новости
12.02.2024

Түркия Бас консулы және білім атташесімен кездесу

 

2024 жылдың 9 ақпанында  Филология институты шығыс филологиясы және аударма кафедрасында Түркия Республикасының Бас консулы Эврен Мүддерисоғлу, білім атташесі Айхан Коркмазбен түрік тілінде білім алушы 3-4 курс студенттерімен кездесу өтті. Кездесуге Филология институтының директоры А.В.Таңжарықова, академиялық мәселелер жөніндегі департамент директорының орынбасары Г.К.Балахметова, директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары А.Ә.Найманбаев, халықаралық жобалар және ынтымақтастық бөлімінің басшысы Ж.Мұрат, шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Н.Н.Конкабаева және түрік тілі оқытушылары Е.З.Есбосынов, Г.Қ.Сәтбай, Д.М.Ашимова Қоспағанбетова Н.Х., қатысты.

 

Бас консул мен білім атташесі студенттермен және оқытушылармен өзара сұрақ- жауап алмасты. Басты мәселелердің бірі білім беру жүйесі, яғни Түркия университеттеріндегі білім жүйесі, қандай оқу орнын таңдауға болады деген тақырыптарда болды. Академиялық ұтқырлықпен білім алып қайтқан студенттер өз ойларымен бөлісті. Студенттер көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, барынша нақты жауап ала алды.

Кездесу соңында Филология институтының директоры А.В.Таңжарықова алғысын айта отырып бас консул мен атташеге алғыс хат мен университет тарапынан сыйлықтарын табыс етті. Шетелдік дипломаттарға университеттің алғыс хаттары табыс етілді.

 

  alt=  

 

  alt=